Apple iPhone 12 таныстырылымын кейінге қалдырмақ

24 Шілде 2020, 18:30
1864
Бөлісу:
Apple iPhone 12 таныстырылымын кейінге қалдырмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Компанияның жаңа смартфондарын таныстыру өндірістегі кідіріс салдарынан екінші рет кейінге қалдырылуы мүмкін. 

Apple компаниясы iPhone 12 нұсқасы ұсынылатын жыл сайынғы күзгі таныстырылымды кейінге қалдырмақ. Бұл туралы қытайлық дереккөздерге сілтеме жасап, жапондық MacOtakara блогы хабарлады.

Блогердің мәліметі бойынша, компания күзгі іс-шараны бір айға кейінге қалдыра алады, бірақ қазан айының соңында iPhone және басқа да құрылғылардың жаңа модельдерін таныстырады.

Презентацияның кешігуі коронавирус пандемиясына қатысты өндірістегі проблемалармен байланысты болып отыр. Алайда, компания әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сондай-ақ, қазан айында 4G қолдауымен iPhone 12 шығады, ал бесінші буын желілерін қолдайтын смартфондар 2020 жылдың қараша айында пайда болады.

Бұған дейін желіде iPhone 12 макеттерінің суреті пайда болғаны туралы ақпарат тараған еді.
 

Өзгелердің жаңалығы