АӨСШК-нің келесі отырысы 2026 жылы өтеді

13 Қазан 2022, 21:41
1382
Бөлісу:
АӨСШК-нің келесі отырысы 2026 жылы өтеді

Бұл туралы АӨСШК кеңесінің бас хатшысы Қайрат Сарыбай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біздің процедураларымызға сәйкес, кеңес саммиті 4 жылда бір рет өткізіліп тұрады. Сонымен қатар әр 4 жыл сайын министрлердің кездесуі өтеді. Демек, бүгін, 2022 жылы саммит өтті. 2024 жылы министрлер кездесуі ұйымдастырылады. Соған орай 2026 жылы кезекті саммит болады, - деді ол елордада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 6-саммиті қорытындысына орай өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
 

Өзгелердің жаңалығы