24 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Блэк-Рок шөлінде өтетін фестиваль аясында көне түркі мәдениеті мен заманауи өнер тоғысатын Tengri Camp кеңістігі ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Burning Man – бұл жай ғана фестиваль емес, ол - бір апта бойы шөлдің қақ ортасында пайда болып, кейін мүлде ізсіз жоғалатын уақытша қала.
Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған адамдар өнер, еркіндік және өзін-өзі таныту мәдениетін біріктіреді.
2025 жылы Burning Man тақырыбы “Tomorrow Today” болып белгіленген. Бұл - болашақ идеяларын бүгінгі күнде іске асыруға шақыру.
"Burning Man" — жыл сайын АҚШ-тың Невада штатындағы Блэк-Рок шөлінде өтетін шара. Фестиваль тамыздың соңғы дүйсенбісінде сағат 00:01-де басталып, сегіз күнге жалғасады.
Соңғы күні АҚШ-та қыркүйектің алғашқы дүйсенбісінде аталып өтетін ресми мереке — Еңбек күніне сәйкес келеді. Бұл — елдегі көпшілік ұйымдар үшін демалыс күні.