Алматы әуежайынан Қырғыз азаматы депортацияланды

27 Наурыз 2021, 13:53
1514
Бөлісу:
Алматы әуежайынан Қырғыз азаматы депортацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 наурызда ел аумағына Ұлыбритания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Шри-Ланка, Грузия, ҚХР, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 48 халықаралық әуе рейсі келді.

5 551 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 525 адам, анықтамасыз 26 жолаушы келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 26 рейс, 3 264 жолаушы, анықтамамен - 3 254, анықтамасыз - 10;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 259 жолаушы, анықтамамен - 1 245, анықтамасыз - 14;

Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, барлық 680 жолаушы анықтамамен келген;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 146 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы, анықтамамен - 143, анықтамасыз - 2;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 150 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

25 наурызда шетелден анықтамасыз келген адамдардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, анықтамасыз келген 19 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Киев-Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Сонымен қатар 26 наурызда Қырғыз Республикасынан ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғыз азаматы, Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
Өзгелердің жаңалығы