Анықтамасыз келген 21 жолаушының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

9 Сәуір 2021, 12:16
1446
Бөлісу:
Анықтамасыз келген 21 жолаушының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 8 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты ұсынды.

2021 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, ҚХР, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.

4409 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4394 адам, анықтамасыз 15 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2429 жолаушы, анықтамамен - 2423, анықтамасыз - 6;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1230 жолаушы, анықтамамен - 1221, анықтамасыз - 9;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 487 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 142 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 117 жолаушы анықтамамен келген;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Комитеттің 2021 жылдың 7 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметіне сүйенсек, анықтамасыз келген 21 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы