Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Антирекорд: Еуропа өрт салдарынан Кипр аумағына тең жерінен айырылды

23 Тамыз 2025, 10:43
565
Бөлісу:
 Eduardo Palomo/EPA
Фото: Eduardo Palomo/EPA

2006 жылдан бері есеп жүргізілген кезеңде Еуропалық одақ елдеріндегі орман өрттерінің жалпы ауданы 1 млн гектардан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Politico басылымына сілтеме жасап.

Биыл қаңтардан бастап жалын 1 млн 16 мың гектар орманды шарпыды. Бұл Кипр аумағына тең немесе Бельгияның үштен бір бөлігіне пара-пар көрсеткіш.

Бұған дейінгі "антирекорд" 2017 жылы тіркелген еді, ол кезде Еуропада шамамен 988 мың гектар орман өртенген болатын.

ЕО-ның Орман өрттерін бақылау ақпараттық жүйесі (EFFIS) мәліметінше, шығынның үштен екі бөлігі тамыздың 5-інен кейін болған. Дәл сол кезеңде 380 мың гектардан астам жер жанып кеткен.

Өрттің ең көп тіркелген аумағы – Пиреней түбегі. Испанияда 400 мың гектардан астам жер жойылса, Португалияда 270 мың гектарға жуық жерді өрт шарпыды. Бұл елдің жалпы аумағының 3 пайызын құрайды.

Өзгелердің жаңалығы