Антимонополиялық орган Кедергілермен күрес кеңесін құрды

7 Маусым 2021, 15:42
1694
Бөлісу:
Антимонополиялық орган Кедергілермен күрес кеңесін құрды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин дөңгелек үстел барысында айтты.

Естеріңізге сала кетейік, антимонополиялық орган өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі деп атала бастап, антимонополиялық статусқа ие болған еді.

Жаңа агенттіктің алғашқы қадамы Транспоренттік туралы декларацияның қабылдануынан басталды. Декларация «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға және антимонополиялық органның ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Декларация аясында қоғаммен, бизнес кеңістікпен тиімді диалог орнату және оларды антмонополиялық орган қабылдап жатқан шешімдерге атсалысуына мүмкіндік беру мақсатында агенттік краудсорсинг алаңдарын құрды, - деді ол.

Агенттік төрағасының айтуынша, ол Open Space форматындағы алаң. Аптаның әр жұма күні мұнда белгілі бір нарық пен саланың мәселелері талқыланады. 

Бұл алаңда қысқа мерзім ішінде 155 мәселе анықталды. Сонымен қатар түрлі кедергілермен күреске бағытталған Барьерлер кеңесі де бар. 17 аймақта он екі адамнан және орталықта бір адам жұмыс істейді. Жалпы саны бұл іске 216 адам жұмылдырылған. Кеңесті кәсіпкерлік өкілі басқарады, - дейді ол.

Оның айтуынша, антимонополиялық органды бизнесті қолдайтын органға да айналдыру мақсаты қойылған.

Бізге бизнеске көрсетілетін шаралардың санынан сапалы құрылымдық өзгерістерге қарай бағыт алу керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы