Антикор жүргізуші куәліктерін сатқан ХҚКО қызметкерлеріне тергеу жүргізіп жатыр

7 Маусым 2022, 18:00
1346
Бөлісу:
Антикор жүргізуші куәліктерін сатқан ХҚКО қызметкерлеріне тергеу жүргізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Антикор жүргізуші куәліктерін сатқан ХҚО қызметкерлеріне тергеу жүргізіп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз жүйелі негізде сыйақы алу және автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №2 қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы