Антикор "Жайлы мектеп" жобасына кеткен ақшаны бақылап отырады

18 Наурыз 2024, 14:37
276
Бөлісу:
Антикор "Жайлы мектеп" жобасына кеткен ақшаны бақылап отырады
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2,3 трлн теңгенің игерілуін мониторингке алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың басшылығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында Антикор басшылығы уәкілетті органдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен бірлесіп жобаны іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін қарады.

«Жайлы мектеп» жобасы - ел дамуының басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2,3 трлн теңгені игеру және 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев 2022 жылы өз Жолдауында «әрбір қазақстандық оқушының оқуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайлар болуы тиіс. «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы дәл осы мақсатқа бағытталған» деп атап өтті.

Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін жұмыстағы маңызды басымдық бүкіл ел бойынша жайлы мектептер құрылысының барысын мониторингтеу және бақылау болады.

Кеңес қорытындысы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларды уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы