Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысын тексеруді бастады

14 Сәуір 2021, 14:35
1348
Бөлісу:
Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысын тексеруді бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысына кешенді мониторинг жүргізу үшін еліміздің бірқатар өңіріне барды.

Атап айтқанда, Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында республикалық және жергілікті жолдарды, сондай-ақ Степногорск қаласы, Шортанды, Атбасар, Есіл және Жақсы аудандарындағы сервистік әкімдіктердің қызметін тексерді.

Жұртшылық өкілдерімен бірге жол жағдайына мониторинг жүргізу барысында Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы филиалының басшысы проблемалық мәселелер туралы айтып берді. Антикор төрағасының бірінші орынбасары облыстық жол басқармасы басшысының назарын анықталған кемшіліктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою қажеттігіне аударды.

Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысын тексеруді бастады

О.Бектенов Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысына қатысу барысында қалалық әкімдіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысындағы, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу мен жоюдағы формализмді атап өтті. Ол қаланың білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың жүйелі фактілерін атап өтті. 2020 жылы қалалық білім бөлімінің жеті қызметкерінің үшеуі жауапкершілікке тартылған.

Ол ӘҚБтК-не жаңа түзетулер енгізілгеннен кейін Агенттік қылмыстық-құқықтық құралдармен қатар қаржылық және мансаптық санкциялар көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанына баса назар аударды.

Мемлекеттік органдар басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін көздейтін ӘҚБтК-нің 680-бабына айтарлықтай алдын алу әлеуеті енгізілген. Осы бап бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, осы әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасау үш жыл бойы қалпына келтіру құқығынан айыра отырып, теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатуға әкеп соғады, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысын тексеруді бастады

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында О.Бектенов 11 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтарды қабылдау барысында Степногорск қаласының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алудың қолжетімділігі мен Ақсу ауылындағы автожолдардың сапасына қатысты шағым білдірді.

Жақсы кентінде шағымданушылардың өтініштері субсидиялар беру және заңнама нормаларын түсіндіру мәселелеріне қатысты болды. Азаматтарды мұндай қабылдау Шортанды, Атбасар және Есіл аудандарында да өткізілді. О.Бектенов келіп түскен өтініштерді шешу бойынша Агенттіктің аумақтық департаментіне тапсырмалар мен тиісті қызметтерге ұсынымдар беріп, олардың орындалуын бақылауға алды.

Агенттік төрағасының орынбасары Дмитрий Малахов Қостанай облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысына қатысты. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен іс-шарада облыстық басқармалардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру туралы есептері тыңдалды.

Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысын тексеруді бастады

Д. Малахов өз сөзінде облыстың бірқатар аудандары мен басқармаларының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің және тәуекелдерді талдау сапасының әлсіздігіне немесе мүлдем болмауына қатысты наразылық білдірді. Өз кезегінде өңір басшысы аталған проблемалық мәселелерді қысқа мерзімде пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Антикор басшысының орынбасары облыстың денсаулық сақтау басқармасында өңірдің барлық бас дәрігерлерінің қатысуымен онлайн-кеңес өткізіп, оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамадағы соңғы жаңалықтарды жеткізді.

Сонымен қатар Тобыл қаласы мен Алтынсарин ауданын аралау барысында Д.Малахов бес азаматты қабылдады. Агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар Қарағанды облысына сапары барысында облыстық «Ashyq akimat» қызметімен танысты. Сонымен бірге азаматтарды қабылдау барысында Н. Шабдар Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесті. Шағымданушылардың өтініштері жер телімдерін бөлуге, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және т.б. қатысты болды.

Агенттік өкілдері аудандар мен қалаларды аралаумен қатар, ауылдар мен кенттердің тұрғындарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша кездесулер өткізді.
Барлық іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, көбіне онлайн форматта өткізілуде.

Өзгелердің жаңалығы