Антикор шенеуніктерді қорқытты ма?

31 Қаңтар 2025, 14:25
318
Бөлісу:
Антикор шенеуніктерді қорқытты ма?
Фото: BAQ.KZ архив

Мемлекеттік қызметші антикордан қорқа ма? Бұл сауалға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бигайдаровтың айтуынша, заң аясында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші жауапкершіліктен қорықпай, шешімдер қабылдауы керек.

Мемлекеттік қызметші заңды шешімдерді келісу мен қабылдауда қандай да бір қиындықтарға тап болмауға тиіс. Соңғы жылдары агенттіктің жұмыс тәсілдері өзгерді. 2022 жылдан бастап агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің жұмысына баға беру тәсілдері түбегейлі қайта қаралып, статистикалық көрсеткіштерге ұмтылу тәжірибесі алынып тасталды. Негізгі басымдық – жемқорлықтың алдын алу және оның себептерін жою, – деді Бигайдаров агенттікте өткен брифингте.

Антикор мемлекеттік қызметшілерді кәсіби этика, адалдық, әділеттілік және парасаттылық қағидаттарын ұстануға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы