Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады

24 Тамыз 2022, 18:20
1001
Бөлісу:
Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады

Іс бойынша күдіктілердің бесеуі өтіп жатыр, олардың біреуі қамауда, екеуі - үй қамақта, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Іс бойынша күдіктілердің бесеуі өтіп жатыр, олардың біреуі қамауда, екеуі - үй қамақта.

Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды. Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатыр, - деп хабарлады Антикорда.

Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасып жатыр.

Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам немесе 900 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражат орнатылып, жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады, - деді Антикорда.

Өзгелердің жаңалығы