Антикор: Нұртай Сапарбеков жайында таралып жатқан ақпарат дұрыс емес

16 Наурыз 2022, 15:31
1548
Бөлісу:
Антикор: Нұртай Сапарбеков жайында таралып жатқан ақпарат дұрыс емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі салық инспекциясының қызметкері Нұртай Сапарбеков жайында дұрыс емес ақпарат таралып жатқанын хабарлады.

Антикордың хабарлауынша, кейбір БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жауап алғаннан кейін салық инспекциясының қызметкері Нұртай Сапарбеков суицид жасады деген ақпарат таратылып жатыр.

Осы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің іс жүргізуінде осы азаматқа қатысты қылмыстық істер болмағанын хабарлаймыз. Ақпарат дұрыс емес, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі былай деп ақпарат таратқан болатын.

Бұқаралық ақпарат құралдарында марқұм Нұртай Сапарбековтың құқық қорғау органдары жауап алғанда салық органдарында жұмыс жасаған деген ақпараттар жарияланған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде бұл ақпаратты растамайды, - деп жазды МКК.

Комитет Нұртай Сапарбеков мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері болмағандығын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы