Антикор Махамбет Әбжанның отбасы мүшелерінің шоттарына шектеу қойылмағанын жеткізді

21 Шілде 2022, 12:40
1159
Бөлісу:
Антикор Махамбет Әбжанның отбасы мүшелерінің шоттарына шектеу қойылмағанын жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антикор Махамбет Әбжанның отбасы мүшелерінің шоттарына шектеу қойылмағанын жеткізді.

Күдікті Махамбет Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде оның кәмелетке толмаған балаларының банктік шоттарында орын алған «шектеулер» туралы ақпараттың жеделхат-арналардың бірінде таратылуына байланысты, бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз, - делінген хабарламада. 

Тергеу аясында күдіктінің өзінің ғана банктік шоттарына ғана шектеулер қойылды. 

Айта кетейік, Антикор журналист Махамбет Әбжанды 50 млн пара алып жатқан жерінен ұстады. 

Өзгелердің жаңалығы