Антикор экс-министрдің ісі қашан сотқа жіберілетінін айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі неге сотқа жетпей жатыр деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ОКҚ 31 Қаңтар 2025 2025, 14:17
31 Қаңтар 2025 2025, 14:17
708
Фото: ОКҚ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі неге сотқа жетпей жатыр деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бигайдаровтың сөзінше, қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып қойған. Енді іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.

Танысудың қай уақытта аяқталатыны күдіктілердің өздеріне байланысты. Іс материалдарымен танысу аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберіледі, — деді Бигайдаров Антикор агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Наверх