Антикор Бекетаевтың ұсталғанын растады

23 Қазан 2023, 14:07
564
Бөлісу:
Антикор Бекетаевтың ұсталғанын растады
Фото: Арман Мухатов - архив

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде экс әділет министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады. Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы