Антикор басшысы Мемлекетаралық кеңес отырысына қатысты

19 Қыркүйек 2024, 18:26
380
Бөлісу:
Антикор басшысы Мемлекетаралық кеңес отырысына қатысты
Фото: Антикордың баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мемлекетаралық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Асхат Жұмағали Душанбе қаласында (2024 жылғы 19 қыркүйек) өтіп жатқан Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің 9-шы отырысына қатысты. 

Іс-шараға Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының басшылары, сондай-ақ Қырғызстан, Беларусь және Ресей Федерациясының Бас прокурорлары қатысты. 

Отырысқа қатысушылар жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл жөніндегі мәселелер кешенін қарады, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасты. 

Атап айтқанда, қатысушы елдер сарапшыларының тұрақты жұмыс тобын құру, ақпарат алмасу, өзара іс-қимыл жасау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде жемқорлық активтерінің орналасқан жерін белгілеу және оларды қайтару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалану мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Асхат Жұмағали қатысушыларға жемқорлыққа қарсы күрес, активтерді қайтару және жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың озық құралдарын енгізу бойынша жүйелі шараларды таныстырды. 

Жұмыс қорытындысы бойынша 2025 жылы кеңес жұмысының негізгі бағыттарын айқындайтын бағдарламалық құжаттар бекітілді (2013 жылғы 25 қазанда ТМД мемлекеттері асшылары Кеңесінің шешімімен құрылған).

Өзгелердің жаңалығы