Антикор Алматыда Білім басқармасының бөлім басшысы ұсталғанын мәлім етті

22 Қараша 2023, 14:39
731
Бөлісу:
Антикор Алматыда Білім басқармасының бөлім басшысы ұсталғанын мәлім етті
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысын ұстады. 

Ол мегаполистің білім беру мекемелерінде жетім балалар, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған лагерь ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушіден 12 млн теңгеден астам сомада 10% пара алуға әрекет жасаған.

Пара жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп тануға арналған. Жеткізуші балалар лагерін толыққанды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстарына ие болмай, конкурстың жеңімпазы болып танылғаны анықталды. Лауазымды адам соттың санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - деді ресми өкіл.

Өзгелердің жаңалығы