Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова хабарлады.
Оның айтуынша, аталған бағдарлама шеңберінде 6 мың емделушіге ЭКО процедурасы жасалған.
10 қарашадағы жағдай бойынша 740 процедура қолға алынды. «Аңсаған сәби» бағдарламасының шеңберінде есепте 2 мыңдай жүкті әйел тұр. 40 сәби дүниеге келді, – деді Мағрипа Ембергенова.
Сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарда ЭКО қызметін ұсынады.
МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 емхана ұсынады. Атап айтар болсақ, олардың 3-еуі – мемлекеттік, 16-сы – жекеменшік медицина мекемесі, – деп түсіндірді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында ЭКО процедурасына кімдер қатыса алатыны туралы жазған болатынбыз.