«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді

14 Қыркүйек 2022, 18:59
1434
Бөлісу:
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі  телеграмм желісінде мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Мемлекет басшысы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына арналған квотаны 7 рет, яғни 7000-ға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын. 

Бағдарлама бойынша 2025 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. 2021 жылдың нәтижесі бойынша 7000 әйел көмекші репродуктивті технология қызметін пайдаланды. 

Нәтижесінде 3218 әйел жүктілік бойынша есепке алынып, 2212 бала дүниеге келді.

Өзгелердің жаңалығы