Анна Данилина жұптық сайыста WTA-250 турнирінің чемпионы атанды

29 Шілде 2023, 21:46
660
Бөлісу:
Анна Данилина жұптық сайыста WTA-250 турнирінің чемпионы атанды
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен жұптасып, Гамбургте (Германия) өткен WTA-250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалдық кездесуде Данилина мен Панова Мириам Колодзьежова (Чехия) - Анжела Куликов (АҚШ) жұбын 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 13 минутқа созылды.

Анна Данилина биыл WTA-250 турнирінде алғаш рет жеңіске жетті.

Өзгелердің жаңалығы