Анна Данилина WTA 250 турнирінің финалына шықты

27 Тамыз 2022, 04:13
845
Бөлісу:
Анна Данилина WTA 250 турнирінің финалына шықты

Жұптық ойындарда үздік нәтиже көрсетіп келген қазақстандық теннисші Анна Данилина америкалық Кливленд кортында WTA 250 сериясындағы турнирде тағы бір титулды жеңіп алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТФ сайтына сілтеме жасап.

26 тамыз күні таңертең Анна Данилина американдық турнирдің жартылай финалына шыққанын хабарлаған едік. Біраз уақыттан кейін турнирдің ресми сайты 1/2 финал кезеңінде қазақстандық теннисшінің қарсыластары ойыннан бас тартқанын хабарлады. Қарсыластар әлемдегі ең мықты жұптардың бірі - Чехия өкілдері Барбора Крейчекова мен Катерина Синякова болған.

Алдағы уақытта жапондық С.Аояма мен Тайпей өкілі Х.Чан және АҚШ теннисшісі Н.Меличар-Мартинес пен австралиялық Э.Перес арасында кездесу өтеді. Данилина мен Крунич дуэті сол кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.

Өзгелердің жаңалығы