Қазақстандық теннисші Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Сюй Ифань жартылай финалда жапониялықтар Эри Ходзуми – Макото Ниномиямен кездесті.
Қазақстандық-қытайлық жұп қарсыластарын 6:4, 6:4 есебімен жеңіп кетті.
Реклама | Between Exchange
Енді олар финалда титул үшін ресейлік жұп Ирина Хромачева мен Яна Сизиковамен таласады.