Анна Данилина Гамбургтегі турнирдің финалына жолдама алды

28 Шілде 2023, 05:21
415
Бөлісу:
Анна Данилина Гамбургтегі турнирдің финалына жолдама алды
Фото: ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге жартылай финалда италиялық теннисшілер Анжелика Морателли мен Камилла Розателломен ойнады.

Қазақстандық-ресейлік теннисшілер қарсыластарын 3:6, 7:6, 10:3 есебімен жеңді.

Енді олар финалда америкалық-чехиялық жұп Анджела Куликов пен Мириам Колодзиевамен ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы