Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті

Бүгiн, 02:29
168
Бөлісу:
Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті
Фото: olympic.kz

Анна Данилина Будапешттегі (Венгрия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:4.

Данилина – Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы