Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты

3 Қыркүйек 2022, 22:12
758
Бөлісу:
Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда испаниялық Алена Большова - норвегиялық Ульрикке Эйкеримен кездесті. 

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. 

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя ширек финалға шығу үшін доданың 10-ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес - аустралиялық Эллен Переспен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы