Анкарада Қазақстан мен Өзбекстанның Әділет министрлері кездесті

5 Қазан 2023, 21:30
555
Бөлісу:
Анкарада Қазақстан мен Өзбекстанның Әділет министрлері кездесті
Фото: Әділет министрлігі

Бүгін Әділет министрі Азамат Есқараев пен Өзбекстан Республикасының Әділет министрі Акбар Ташкуловтың екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу Түркі әлемі нотариаттық одағын құру туралы меморандумға қол қою аясында өтті. Тараптар бірқатар өзекті тақырыптарды, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы тәжірибе алмасуды талқылады.

Кездесу нәтижесінде министрлер Қазақстан мен Өзбекстанның әділет саласындағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы