Андрей Голубев Баня-Лукадағы турнирдің финалында жеңілді

13 Тамыз 2023, 20:13
568
Бөлісу:
Андрей Голубев Баня-Лукадағы турнирдің финалында жеңілді
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Баня-Лукадағы (Босния және Герцеговина) "Челленджер" турнирінің финалында ойнады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Андрей Голубев украиналық теннисші Денис Молчановпен бірге финалда румыниялық-аустриялық жұп Виктор Влад Корня мен Филипп Освальдпен кездесті.

Қазақстандық-украиналық теннисшілер қарсыластарынан 6:3, 1:6, 13:15 есебімен ұтылды.

Матч 1 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Голубев пен Молчанов бір эйс жасап, алты қосарлы қателік жасап, үш брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, қазақстандық-украиналық теннисшілер супер тайбрейкте үш матч пойнтты өз пайдасына жарата алмады.

Өзгелердің жаңалығы