Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Анасының атына жер рәсімдеген: Маңғыстау облысында ауыл әкімі айыппұл арқалады

24 Шілде 2025, 21:52
735
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық соты Бейнеу ауылының әкіміне қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Сот үкіміне сәйкес, ауыл әкімі Нұржан Кенбаев Бейнеу ауылынан тұрғын үй салу үшін жер телімін өзінің анасының атына рәсімдеген. Аталған шешімді өзі қабылдап, туыстық мүдделер қақтығысын ескермеген.

Сот әкімнің өз қызметтік өкілеттігін атқара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғанын және жақын туысына қатысты шешім қабылдау барысында тікелей басшылығын жазбаша түрде ескертпегенін анықтады.

Бейнеу ауылының әкімінің кінәсі оның жеке түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, профилактика бөлімінің қызметкерінің рапортымен және істің басқа да материалдарымен расталды, – делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында Нұржан Кенбаев әкімшілік құқықбұзушылық фактісін мойындап, отбасындағы қаржылық қиындықтарды ескеріп, айыппұл мөлшерін азайтуды сұрады.

Сот ауырлататын мән-жайларды анықтамады.

Нәтижесінде, судья ҚКоАП-тың 680-бабы бойынша әкімді кінәлі деп танып, 393 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Үкім заңды күшіне енді.

Редакцияның мәліметінше, ауыл әкімі қызметінен босатылмаған және қазіргі уақытта жұмысын жалғастырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы