Анар Жаилғанова: Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер еңбек етеді

6 Шілде 2021, 15:51
2645
Бөлісу:
Анар Жаилғанова: Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер еңбек етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова өзінің Facebook-тегі парақшасында барша қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады.

Бүгін біздің еліміз атаулы мейрамдардың бірі- Елорда күнін атап өтуде. 23 жыл ішінде ел астанасы заманауи, қарқынды дамып келе жатқан, қайталанбас келбеті мен архитектуралық стилі бар қалаға айналды. Нұр-Сұлтан халықаралық деңгейде танымал Қазақстанның басты көрікті шаһары болды. Осының бәрі – Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегінің нәтижесі.

Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің барлық жетістіктері мен Елбасының есімі егіз ұғым. Себебі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елорданы  ел орталығына ауыстыру туралы тарихи шешім қабылдағаны белгілі, - деп жазды ол.

Ел астанасы - Қазақстан мемлекеттілігінің басты рәміздерінің бірі, бүкіл әлемге танымал бренд және мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылнамасының ең жарқын бөлімі.

Біздің елордамыз халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізілген, Еуразиялық континенттің орталылығына айналды. 2010 жылы мұнда ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері өтті. 2017 жылы Нұр-Сұлтанда ауқымды шара - EXPO-2017 халықаралық көрмесі болып өтті.

Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумдары өткізілді. Сондай-ақ бұл қалада Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу бойынша келіссөздер жүргізілді, ел астанасы барлық мүдделі елдердің өкілдерін жинаған маңызды келіссөздер алаңына айналды.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда ел мен оның азаматтарының игілігі жолында орталық және жергілікті атқарушы органдарда 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер еңбек етуде. Әрине, мемлекеттік қызметкерлердің Отанымыздың елордасында қызмет ететіндіктерін ұғынуы олар үшін кәсіби өсуге қосымша ынта беретіні анық. Барлық қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтаймын!, - деді Анар Жаилғанова.

Өзгелердің жаңалығы