«Ананас па, пальма ма?»: Семейліктер қала әкімдігі сатып алған сәулет формаларын сынға алды

11 Маусым 2022, 15:00
1440
Бөлісу:
«Ананас па, пальма ма?»: Семейліктер қала әкімдігі сатып алған сәулет формаларын сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей әкімдігі қаланың ажарын ашу үшін 62 дана шағын архитектуралық форма сатып алды деп хабарлайды Информбюро ақпараттық бағдарламасы.  

Бюджеттің 14 миллион теңгесіне жасалған фигураларды шенеуніктер мереке күндері қаланың орталығына қойып, елдің көңіл күйін көтереміз деп жоспарлаған. Алайда пішіндері ұсқынсыз және көзге оғаш көрінетін безендіру құралдары қазірден бастап тұрғындардың талқысына түсіп жатыр.

«Ананас па, пальма ма? Жоқ әлде алма ма?». Осылай деген тұрғындар шағын сәулет пішіндерінің неге ұқсайтынын түсінбей әлеуметтік желіде жарыса пікір жазып жатыр. Бірақ әкімдік қызметкерлері көпшіліктің сынымен келіспейді. Олар арнайы тапсырыспен тіктірілген фигуралардың құны нарықтағыдан әлдеқайда арзан дейді. Лен материалынан жасалған үрлемелі гүлдер өте мобильді және мереке күндері қаланы безендіруге де ыңғайлы деп отыр.

Құны 14 миллион теңге. Біз тапсырыс бермес бұрын бәрін есептедік. Материалы қандай, бояуы қандай болады? Жұмысшыларға қанша қаражат төленеді? Бәрін есептегенде осы баға шықты. Тапсырыс алған адамдар көп пайда көрді деп айта алмаймын. Өйткені мұндай нысандарды жасау өте қымбатқа түседі, – дейді Семей ТҮКШ қызметкері Қанатжан Шәріпова.

Өзгелердің жаңалығы