Алматы аудандарында аналарды қолдау орталықтары ашылуда

5 Тамыз 2019, 20:08
1844
Бөлісу:
Алматы аудандарында аналарды қолдау орталықтары ашылуда
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы аудандарында көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсететін «Бақытты отбасы» орталықтары ашылуда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

бо.jpg

Бүгін «Жетісу» ауданында аналардың «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы ашылды. Алматыдағы көпбалалы аналарға қолдау көрсетудің кешенді бағдарламасы аясында «Isker Ana» бағдарламасы қолға алынды.


Аталған бағдарламаның мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және олардың бастамаларына қолдау көрсету.

б3.jpg

Жобаның міндеті – көпбалалы аналарды жаңа мамандықтарға баулу. Яғни, киім пішу мен тігу, сұлулық кәсібі, аспаздық және ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау мамандықтары бойынша дәріс беру. Бұдан өзге, құрылыс-жөндеу саласы бойынша қызмет көрсету маманы ретінде оқуға болады. Көпбалалы отбасылар мүшелеріне өздері жасаған тауарларды Интернет арқылы өткізу мен сату және бизнес-жопарлар әзірлеу үшін маркетинг негіздері оқытылады.

б2.jpg

Бүгін Жетісу ауданында «Бақытты отбасы» орталығы арқылы 136 көпбалалы ана тіркелді, олар болашақта өздерінің жеке бизнестерін ашу үшін кәсіби білім алуға ынталы. 

б4.jpg

Еске салсақ, 16 шілдеде Бақытжан Сағынтаев көпбалалы аналарға қолдау көрсететін қалалық орталықта болып, әр ауданда осындай орталықтар ашу туралы тапсырма берген еді. Қала әкімі әйелдерді еңбекпен қамтуда олардың әрқайсысының мүмкіндігі мен қабілетін ескеру қажеттігін де атап өткен болатын.

б5.jpg

«Жеке ісін бастағысы келетін әйелдерге көмектесу керек, гранттар бөліп, құрал-жабдықтар алуда қолдау көрсеткен жөн», - деген еді Алматы әкімі.

Өзгелердің жаңалығы