Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың 11-ші сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қуандық Бишімбаев тарапы жеке сот-медициналық сараптамаларын Мәскеуде жасатқан. Прокурор Айжан Аймағанова оны істен мүлде алып тастау жөнінде судья Айжан Құлбаеваға өтініш жолдады.
Бишімбаев анасы Альмира Нұрлыбекова сараптама қорытындылары істен алынып тасталса, өз ұлының қорғанғысы келетін конституциялық құқығы шектеледі деп есептейді.
Мен әрине, заңгер емеспін. Бірақ меніңше, егер сіз мәскеулік маманның сараптамасын қабылдамасаңыз, онда менің баламның конституциялық құқықтары шектеледі. Сол себепті соттан, прокурордан, алқа билерден, жәбірленуші тараптан ана ретінде жүрегіммен мені түсінуді сұраймын, - деді Бишімбаевтың анасы.
Бұған дейін сотта Байжанов Бишімбаевтың "қанішер" екенін айтқан болатын.