Ана мен бала ұлттық орталығының директоры, дәрігер-педиатр қайтыс болды

26 Наурыз 2024, 11:32
579
Бөлісу:
Ана мен бала ұлттық орталығының директоры, дәрігер-педиатр қайтыс болды
Фото: umc.org.kz

Ана мен бала ұлттық орталығының директоры, белгілі дәрігер-педиатр Бекбай Хайруллин 64 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы University Medical Center хабарлады.

Бүгін таңертең 64 жасқа қараған шағында біздің қымбатты досымыз, әріптесіміз және мейірімді, жанашыр адам, педиатр дәрігер, UMC медициналық директоры Бекбай Еслямұлы Хайрулин ұзақ уақыт бойы аурумен күресіп, көз жұмғанын өкінішпен хабарлаймыз, - делінген University Medical Center таратқан хабарламада.

Бекбай Еслямұлы бүкіл өмірін адамдарға риясыз көмек көрсетуге арнады және өзінің еңбек жолында денсаулық сақтау жүйесін дамытумен қоса көптеген адамның өмірін сақтап қалуға үлкен үлес қосты.

Бекбай Еслямұлы әріптестері мен пациенттері арасында ашық мінезді әрі жанашыр қасиеттерімен құрмет пен сүйіспеншілікке ие болды. UMC ұжымы атынан орны толмас қайғыға ортақтасып, Бекбай Еслямұлының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы