ӘМСҚ. Елорда бойынша 14,1 млрд теңгеден аса жарна түсті

13 Сәуір 2022, 09:40
1594
Бөлісу:
ӘМСҚ. Елорда бойынша 14,1 млрд теңгеден аса жарна түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар-наурыз айлары аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 14,1 млрд теңгеден аса жарна түскен.

Жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтардан 14,1 млрд теңгеден аса жарна аударымдары түскен. Ал осы жылдың наурыз айында елордалықтар 5,5 млрд теңгеден аса жарна аударған. Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 31 наурызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарна 114,8 млрд теңгеге жуық, – деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы жылдың наурыз айында 5,5 млрд теңгеден аса жарна түсті. Ал 2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 14,1 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 7,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 6,5 млрд теңге. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Өзгелердің жаңалығы