музей
-
Көкшетауда Сәкен сері музейі ашылды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде Сәкен Жүнісовтың музейі ашылды. Мұнда қаламгердің көзі тірісінде пайдаланған заттары, кітаптары, жазбалары, фотосуреттер, баспа машинасы, альбомдары және газет материалдары қойылған. Қор әлі де толықтырылатын болады.
19.02.2021
-
Эверестегі қоқыстан өнер туындылары жасалып, музей ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Непал әлемдегі ең биік Эверест тауындағы қоқысты өнер туындыларына айналдырып, туристер үшін арнайы 3 мың 780 метр биіктікте музей ашпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
21.01.2021
-
«Далалық Еуразия төсіндегі Сарыарқа мұрасы» монографиясы жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық музейде «Далалық Еуразия төсіндегі Сарыарқа мұрасы» атты ұжымдық монографияның тұсауы кесілді.
16.01.2021
-
Теміртау музейінде «Мамонттың азуы» экспозициясы ұсынылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында «Ай экспонаты» жобасы аясында «Мамонттың азуы» экспозициясының ашылуы өтеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
06.11.2020
-
Абай-175: Хакім атындағы музей онлайн шараларды өткізді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 11 жыл бұрын бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Абай саябағында «Хакім Абай» музейі ашылған болатын. Сол кездегі облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен бой көтерген музейдің 22 қыркүйектегі салтанатты ашылуына еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев та арнайы келіп қатысты.
31.10.2020
-
Елордадағы өрт сөндірушілер музейін онлайн тамашалаңыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық қорғау органдары құрылуының 25 жылдығы қарсаңында елордалық ТЖД цифрлық форматта өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мұражайын ашты. Ақпараттық технологиялар елордалық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мұражайына да жетті, мұнда кез-келген уақытта мұражайға баруға болады.
16.10.2020
-
Сотталғандар тарихи-өлкетану музейіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арал аудандық пробация қызметі мен «Жас Арал өрендері» қоғамдық бірлестігі есептегі 30 –ға жуық сотталғанды аудандық тарихи- өлкетану музейіне алып барды, деп хабарлады Арал аудандық пробация қызметі.
10.10.2020
-
Ақ халатты абзал жандар Елбасы музейіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарты жылдан бері жер-жаһанды жаулаған көрінбейтін жаумен күрескен дәрігерлер Елбасы музейінің жаңа ғимаратына келді.
05.10.2020
-
Елбасы Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ақтаудағы Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды, деп хабарлады elbasy.kz.
19.09.2020
-
Лос-Анджелестің өнер музейіне қазақ қызы салған сурет қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық суретші Сәуле Дүйсенбинаның «Objective ornament II» атты туындысын Лос-Анджелестің LACMA атты өнер музейі арнайы сатып алды.
06.09.2020
-
Мемлекеттік орталық музей келушілерді қабылдай бастады
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2 қыркүйектен бастап келушілер үшін музей залдары жұмыс істейтінін хабарлады.
03.09.2020
-
Түркістан: Қазақстанда тұңғыш рет Шәмші Қалдаяқов музейі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, "қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды.
14.08.2020
-
Сығанақта аспан асты музейі ашылады
Себебі, Сығанақ қаласына 2020 жылғы жаңа археологиялық қазба экспедициясы басталды.
12.06.2020
-
Шығыс Қазақстан музейлерін 1 миллионға жуық адам тамашалаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстың мәдениет объектілері қатарына музейлер, театрлар, кітапханалар, кинотеатрлар, концерттік ұйымдар, клуб типтес мекемелер, демалыс саябақтары мен хайуанаттар бағы кіреді, деп хабарлайды altaynews.kz.
25.05.2020
-
Биыл "Музей түні" онлайн өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2020 жылдың 18 мамырында 15-ші рет "Музей түні" акциясын өткізеді. Пандемияға байланысты акция онлайн форматта өтеді.
16.05.2020
-
"Даңқ" залының әр қабырғасы – соғыс жылдарының шежіресі
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласындағы "Жеңіс" саябағында орналасқан "Даңқ" залы – осы нысанның негізгі нүктесі. Былтыр ашылған мекеменің лентасы Жеңіс күні қарсаңында салтанатты жағдайда қиылған.
08.05.2020
-
Атырауда тарихи-өлкетану музейі тарихи орындарға онлайн экскурсиялар ұйымдастырып жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау музейінің қызметкерлері аймақ құндылықтары мен тарихы туралы онлайн дәрістер өткізіп жатыр.
22.04.2020
-
Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі Үндістанда өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Ұлттық музейінде Қазақстанның "Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет" атты көрмесі өтеді.
11.03.2020
-
Абай музейінің жылжымалы көрмесі жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заманында хакім Абай өз қолымен Семейдегі өлкетану музейіне бірқатар жәдігерді сыйға тартқан, деп хабарлайды "Хабар 24".
06.03.2020
-
Абай мұрасы – Сыр елінде
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Наурыз айының 1-не дейін Сыр өңірінің тұрғындары Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің экспонаттарын тамашалай алады. Музей жәдігерлері Қызылорда қаласындағы Салихитдин Айтбаевтың атымен аталатын көркемсурет галереясының залдарына қойылды.
22.02.2020