Теміртау музейінде «Мамонттың азуы» экспозициясы ұсынылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында «Ай экспонаты» жобасы аясында «Мамонттың азуы» экспозициясының ашылуы өтеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Көрмеде көрермендерге мамонттың азу тісінің фрагменттік бөлігі көрсетіледі және ол туралы егжей-тегжейлі айтылады. 

Туған өлкенің тарихына қызығушылық танытқандар осы бірегей экспонаттың қанша жаста екенін, оның қайдан табылғанын және Қарағанды облысының аумағында мұндай олжалардың неліктен болатынын біледі.
Экспозицияның ашылуы 9 қарашада сағат 10.00-де мұражайдың әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде өтеді. Көрме бір ай бойы жалғасады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы