Елбасы Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ақтаудағы Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды, деп хабарлады elbasy.kz.

Музейді аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың белгілі жазушысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

Сондай-ақ Елбасы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспонаттарымен танысты. Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті музейдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы