Мұқағали Мақатаев
-
Нартай Аралбайұлы 20 мың теңге төлеп, Мақатаев өлеңінің авторы атанған
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы 20 мың теңге төлеп, Ж.Нәжімеденов пен М.Мақатаевтың бір-бір өлеңінің авторы атанған. Бұл туралы депутат Мәжілісте креативті индустрияны дамыту мәселелерін талқылағанда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.11.2024
-
Республикалық Мұқағали оқулары қорытындыланды
Елімізде жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 51 оқушы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.06.2024
-
Астанада «QYZ JIBEK» by Muqagali» атты музыкалық кино-новелланың көрсетілімі өтті
Елордада «Qazcontent» акционерлік қоғамы мен Музыкалық жас көрермен театры бірлесе отырып дайындаған «QYZ JIBEK» by Muqagali» атты музыкалық кино-новелланың көрсетілімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.11.2023
-
«Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды
Белгілі қазақстандық режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі XVIII қазан Халықаралық мұсылман кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.09.2022
-
«Мұқағали» жүлдеге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі «Темные ночи» атты 25-ші Таллин кинофестивлінде (PÖFF) экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Қазақфильм.
28.11.2021
-
Алматыда Мұқағали Мақатаев пен сазгер Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кеші өтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев пен ақын, сазгер Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кеші өтті. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
30.10.2021
-
Алматыда Мұқағали Мақатаевтың муралы пайда болды
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыдағы Мұқағали Мақатаев көшесі бойында ақынның муралы бой көтерді.
27.10.2021
-
Мұқағалидың 90 жылдығына арналған концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияның классика және эстрадалық вокал бөлімінің қазақтың біртуар ақиық ақыны - Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған “Есіңе мені алғайсың” атты жанды дауыста музыкалық-поэзиялық концерті өтті.
21.10.2021
-
Фильмде Мұқағали неліктен 45 жасында өмірден өтті деген мәселе басты назарға алынды – режиссер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Фильмде негізінен ақынның ішкі жан дүниесін, арпалысын көрсеткім келді. Оған қоса ақын неліктен 45 жасында өмірден өтті деген сұраққа жауап іздедім. Бұл туралы режиссер Болат Қалымбетов «Мұқағали» фильмінің Алматыдағы көрсетілімінде айтты.
20.10.2021
-
Нарынқолдық 50 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы аясында, Нарынқолда 50 үйдің кілті беріліп, ақынға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.
02.10.2021
-
Нарынқолда Мұқағалидың 90 жылдығы тойланып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Заманымыздың заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы бүгін өзінің туған жерінде басталды.
01.10.2021
-
Нарынқолда Мұқағали Мақатаевқа ескерткіш қойылады
Алматы, BAQ.KZ. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақынның туған өлкесінде жаңа ескерткіші бой көтеретін болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан facebook-тегі парақшасына жазды.
17.07.2021
-
Түркияда Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда Мұқағали Мақатаевтың есімі ұлықталып, «Және қайтып барасыңдар, тырналар» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды 24.kz.
24.06.2021
-
«Ұлт мақтаныштары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, 30 наурыз күні Нұр-Сұлтанда Ұлттық академиялық кітапхана Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі елшілігімен бірлесіп, қазақ суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына және ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ұлт мақтаныштары» атты онлайн халықаралық дөңгелек үстелін өткізді.
30.03.2021
-
Сауалнама: Елордалықтар Мұқағали ақын жайлы не біледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл тура 90 жыл толды. Елордалықтар ақын жайлы біледі? Өлеңдерінен хабары бар ма? «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», демекші Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында сауалнама жүргізген едік.
24.02.2021
-
Мұхтар Құл-Мұхаммед Мұқағалидың «Автографын» оқыды
Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елімізде ақын өлеңдерін оқудан жыр эстафетасы өтіп жатқаны белгілі. Таяуда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева эстафета кезегін көрнекті мемлекет қайраткері, сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедке жолдаған еді.
11.02.2021
-
Балаева Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқыды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған жыр эстафетасын жалғады.
10.02.2021
-
Ол бүкіл қазақтың жүрегіне сөнбейтін шоқ тастап кетті. Мұқағали жайлы қойылым сахналанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың Музыкалық жас көрермен театры мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Ғашық-жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын сахналады.
10.02.2021
-
Елорда жастары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқу бойынша челлендж бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай, ақынның өлең шумақтарын оқу бойынша республикалық челленджін бастады.
09.02.2021
-
Әкемнің 90 жылдығы – айтулы мереке. Мақатаевтың қызы орыс тілінде құттықтау жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елордамызда «Мұқағали Мақатаевқа арнау» атты шара барысына орай ақынның қызы Алмагүл Мұқағалиқызы мен оның жиені Роза видеоүндеу жолдады.
09.02.2021