Мұхтар Құл-Мұхаммед Мұқағалидың «Автографын» оқыды

Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елімізде ақын өлеңдерін оқудан жыр эстафетасы өтіп жатқаны белгілі. Таяуда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева эстафета кезегін көрнекті мемлекет қайраткері, сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедке жолдаған еді. 

Осыған орай Мұхтар Абрарұлы ақиық ақынның «Автограф» атты өлеңін оқып, челленджге үн қосты. Мұхтар Құл-Мұхаммед ақын өлеңін оқу кезегін Сенат депутаты, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш генерал Сәуле Айтпаеваға жолдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы