Алматыда Мұқағали Мақатаевтың муралы пайда болды

Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыдағы Мұқағали Мақатаев көшесі бойында ақынның муралы бой көтерді. 

Муралды салуға «Қазақфильм» киностудиясы тапсырыс берген және қала әкімдігінің қолдауымен іске асқан. 

Шәріпов пен Мақатаев көшесінің қиылысында бой көтерген туындыны Абай Сұлтан және Нұрболат Аманқұл есімді суретшілер салып шыққан. Олар бұған дейін қалада 2-3 мурал салып, тәжірибе жинағандарын айтады. 


Бұған дейін Шохан Уәлиханов пен Қасқырдың анасы муралын салдық. Осы жолы ақынның муралын салуға «Қазақфильм» тапсырыс берді.  Жақында Мұқағали фильмі шықты. Муралда арнайы QR код болады, халық сол арқылы фильмнің тизерін көре алады,-дейді суретші Н. Аманқұл.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы