көмек
-
Арысты қалпына келтіруге үкімет резервінен қаржы бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді, инженерлік желілерді, әлеуметтік инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге үкімет резервінен арнайы қаржы бөлінеді. Бұл туралы Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
26.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. Филантроп 10 млн теңге аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық Source Energy компаниясының бақылаушылар кеңесінің төрағасы, белгілі филантроп, профессор Оралбек Ботбай Арыс қаласындағы жағдайдан соң, зардап шеккен отбасыларға 10 млн теңге аударды. Бұл туралы оның баспасөз қызмет xабарлады.
26.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. Қорға түскен қаржы көлемі 225 млн теңгеге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Қазіргі кезде қаланы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккен халықтың да жағдайы қалыпты. Бұл туралы бүгін облыстық штаб мүшелері мәлімдеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
26.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. 2 күнде арнайы қорға 213 млн теңге жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстағы оқиға қоғамды ізгілік жолында біріктірді. Еліміздің түкпір-түкпірінен отандастарымыз арыстықтарға көмек қолын созуда.
26.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. Қызылорда облысынан көмек жіберілді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы тарапынан арнайы автокеруен жасақталып, азық-түлік жіберілуде.
25.06.2019
-
Мамин Арыс қаласының қысқа мерзімде қалпына келтірілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында Арыс қаласы төтенше жағдайдан кейін қысқа мерзімде қалпына келтірілетінін айтты.
25.06.2019
-
Арыстағы жарылыс. 47 халықты орналастыру орталығында 4 мыңнан астам адам бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Арыс қаласындағы оқиғаларды мұқият қадағалап, балаларды қаладан көшіруге және оларды жайластыруға белсенді түрде атсалысады.
25.06.2019
-
Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы – халықтың ауызбіршілігі - ҚХА
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңызды нәрсе қоғамымыздың күтпеген жағдайда бір екенін көрсету дейді ҚХА мүшесі Әскер Периев "Арыс біз біргеміз" телемарафонында.
24.06.2019
-
Кепілдендірілген тегін көмек пен медициналық сақтандырудың жаңа нұсқасы бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімі бекітілді, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі.
18.06.2019
-
Мамин: Әрбір азамат қандай медициналық көмек тегін көрсетілетінін білуі қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырсында Асқар Мамин 2020 жылға қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу бойынша әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
18.06.2019
-
Шымкент қаласы «Ашық әкімдік» форматына өтті
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы әкімдігі «Ашық әкімдік» форматына сай жұмыс істеуді бастады. Осы мақсатта қалалық әкімдік ғимаратының бірінші қабатынан «Халықпен қызмет» орталығында арнайы электронды кезек залы іске қосылды.
05.06.2019
-
Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға 20 мың теңгеден берілуде
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында бұл көмек үшін бюджеттен 36 млн теңге бөлінген. Мұндай біржолғы әлеуметтік көмек халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылуда.
31.05.2019
-
Шымкентте 30 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергендердің саны 50 мың отбасыдан асты. Қазіргі таңда олардың 30 мыңнан астамына атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дария Ордабаева хабарлады.
30.05.2019
-
Еріктілер тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Абай қаласында еріктілер тыл еңбеккерлерін қамқорлығына алды. "Абай Team" мүшелері қарт адамдарға көмек көрсетуде.
22.05.2019
-
Бала асырап алуға қолдау көрсетіледі
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. «Ана үйі» қоғамдық қорының жанынан ашылған «Асырап алуға қолдау көрсету орталығы» деп аталатын маңызды әлеуметтік жоба аясында бала асырап алғысы келетін жандарға қолдау жасалады.
21.05.2019
-
Қызылордалық көпбалалы ана 160 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек беріле бастады. Атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізгендердің ішінде қызылордалық көпбалалы ана Алтын Тайшыбаева да бар.
17.05.2019
-
ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға 1,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
ШҚО, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Болат Сәтековтың хабарлауынша, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 40 мың адамнан асады.
16.05.2019
-
Батыс Қазақстанның құтқарушылары екі жасөспірімді аман алып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 112 телефон нөміріне Орал қаласының тұрғыны қоңырау шалған. Желаев аумағында демалып жүрген әйел адам 2 жасөспірімнің көмекке шақырып жатқанын көрген.
14.05.2019
-
Қостанайда iKomek орталығы ашылды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайдағы iKomek 109 өтініштер жүйесінің жұмысы үш желі арқылы жүзеге асырылады.
13.05.2019
-
Шымкентте ҰОС ардагерлеріне біржолғы ақшалай көмек берілді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласында 54 Ұлы Отан соғысы ардагері және 4276 ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен тыл еңбеккерлері тұрады. Биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 100 АЕК, яғни 252 500 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді.
08.05.2019