"Кел, шай ішейік": жастар коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада жастар үшін Жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасы қайырымдылық шарамен басталды. 

Jas Otan Жастар қанатының белсенділері "Кел, шай ішейік" акциясын ұйымдастырып, аязда таңнан кешке дейін елорданың көшелерін қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды. 

Белсенді жастар таңертеңнен шағын автобуспен қала ішін аралап, жұмыс жасап жатқан қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, шайға шақырды. Одан бөлек, жұмыс тоқтап қалмас үшін қолдарына күрек алып, жол жиектеріндегі қарды тазалап, жаяужолдарды мұздан тазартуға көмектесті.


"Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас" деген сөз бар, бүкіл адамзат баласы басқа тұлғаның еңбегін бағалай білу керек. Осы акция Jas Otan Жастар қанатының белсенділерімен жыл сайын өткізіледі. Акцияның басты мақсаты - коммуналдық қызмет қызметкерлеріне осындай аяз күндері атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіру болып табылады. Кейде, күнделікті өмірде, бұл адамдардың еңбегін ешкім байқамайды. Олар бізге таза қала түріндегі әдемі көріністі ұсыну үшін және сағат 6-да ауысымға шығу үшін, таңғы сағат 4-те оянып, қатарда тұрады, - дейді Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.


Ол коммуналдық қызмет қызметкерлерінің тәулік бойы жұмыс атқаруының арқасында біздің таза қаламен қозғалуға мүмкіндігіміз бар дейді. 

Біз бүгінгі акциямен қала тұрғындарын бір-біріне жылу мен күлкі сыйлауға шақырғымыз келеді, - деген пікірін білдірді Дәулет Кәрібек.

Қатысушылар үшін шараның ең керемет кезі қызметкерлердің күтпеген жерден пайда болған бізге шынайы күлкі сыйлап, алғыстарын жаудырған сәті дейді. Арасында батасын беріп, күнделікті кездесетін қиындықтарымен бөлісетіндері де аз емес екен.


Естеріңізге сала кетсек, акция 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында тура осы уақытта басталып, еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы