ақпарат
-
Қазақстанда жиын-той өткізуге рұқсат жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де өршіп тұр.
16.07.2021
-
Елімізге бір компонентті ресейлік жаңа вакцина әкелінеді
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбындағы брифингте ДСМ санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
16.07.2021
-
Ресейдің ірі автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Қостанай облысына жұмыс сапары барысында РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі өкілі Денис Пактың қатысуымен Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексеріп қарады.
16.07.2021
-
Елімізде балаларға СOVID-19-ға қарсы вакцина салу мәселесі әлі шешілген жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты. Оның айтуынша, қазір балалар арасында да індет өршіп тұр.
16.07.2021
-
Аңыз ақпаратты таратуды қою керек, балаларға вакцина салынбайды – Бекшин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында балаларға вакцина қашан салынады деген сұраққа жауап берді.
16.07.2021
-
Пәтер иелері кооперативінің орнын басқа бірлестік басады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде енді көппәтерлі тұрғын үйлерді ПИК емес, Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі басқарады. Бұл туралы «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков мәлімдеді.
16.07.2021
-
Алматыда коронавирустан емделіп жатқандардың барлығы вакцина алмаған – Бекшин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қала емханаларында ем алып жатқан науқастардың барлығы коронавирусқа қарсы вакцина алмағанын мәлімдеді.
16.07.2021
-
Алматы облысында 5 полицейге қатысты үкім шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше қылмысқа кінәлі деп танылған 5 экс-полицейге қатысты үкім шығарды.
16.07.2021
-
Мәжіліс депутаттары шалғайдағы ауыл мектептеріне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл және Ғалым Әміреев Қызылорда облысының Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №118 орта мектеп ғимаратының құрылысымен танысты.
16.07.2021
-
Қазақстандағы автоспорттың даму деңгейі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жанкүйер» атты подкастымыздың кезекті санында Автоспорттан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Нұрпейіс Қонысбаев қонақта болды.
16.07.2021
-
Мирзиёев Өзбекстанның сыртқы саясатының басты жетістігін атады
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкентте өтіп жатқан «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясында Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиёев елдің сыртқы саясатындағы жетістік туралы айтты.
16.07.2021
-
Үстел теннисінен Қазақстан командасы Олимпиада алдындағы жаттығуды аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар соңғы оқу-жаттығу жиынын аяқтады деп хабарлады Olympic.kz.
16.07.2021
-
Талапкер үшін медициналық анықтама ЖОО-ға қабылдау кезінде ғана қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі 16 шілдеден бастап мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталғанын мәлім етті. Ол онлайн форматта қабылданады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
16.07.2021
-
Мирзиёев: Орталық және Оңтүстік Азияны экономикалық дамыған кеңістікке біріктіру керек
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы басталды.
16.07.2021
-
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматыда мыңға жуық іс-шара өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мерейтойға дайындықты сапалы жүргізу және мерекелеу мақсатында республикалық іс-шаралар жоспары негізінде бірыңғай қалалық Жоспар бекітілді. Жоспарды жүзеге асырудың барлық кезеңінде 2021 жылы 953 іс-шара жоспарланған, оның ішінде 2 шара республикалық, 436 қалалық, 549 аудандық деңгейде өтеді.
16.07.2021
-
Павлодарда күлден табыс табатын зауыт ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. «Павлодар» арнайы-экономикалық аймағында тағы бір зауыт ашылды. Жаңа кәсіпорын өңірдегі электр станцияларынан қалатын күлден алюмомиликатты микросфера өндіреді.
16.07.2021
-
Елде ет қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда қой еті 14%-ға қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, басты себеп - елден тірі малды экспорттау болып отыр екен.
16.07.2021
-
Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдіктінің неден қайтыс болғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдікке ілінген грузиялық Бесик Тордуаның өлімінің себебі белгілі болды. Алдын ала болжамдарға сәйкес, Тордуа ми инфарктінен қайтыс болған деп жазады Sputnik Грузия.
16.07.2021
-
Ташкенттегі жаңа ғимаратқа Қазақстан атынан ерекше жәдігерлер сыйға берілген
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкент қаласында ашылған жаңа ғимаратқа Қазақстан атынан естелікке ерекше сыйлық берілген. Орталық Азия халықаралық институтының ашылуы кезінде көрме залындағы экспонанттар қонақтарға таныстырылды.
16.07.2021
-
Ауыл әкімдерін сайлау: Халықтың үмітін ақтап, елге қызмет етудің жөні бөлек
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел тарихында алғаш рет өтетін ауылдық округтер, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауына санаулы күндер қалды. Кандидаттарды тіркеу нәтижелері қандай, саяси науқан қарапайым ауыл тұрғындары үшін қаншалықты маңызды? Бұл сұрақтарға Nur Otan партиясы Зеренді аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әбдуахитов жауап берді.
16.07.2021