ақпарат
-
Мирзиёев: Орталық және Оңтүстік Азияны экономикалық дамыған кеңістікке біріктіру керек
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы басталды.
16.07.2021
-
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматыда мыңға жуық іс-шара өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мерейтойға дайындықты сапалы жүргізу және мерекелеу мақсатында республикалық іс-шаралар жоспары негізінде бірыңғай қалалық Жоспар бекітілді. Жоспарды жүзеге асырудың барлық кезеңінде 2021 жылы 953 іс-шара жоспарланған, оның ішінде 2 шара республикалық, 436 қалалық, 549 аудандық деңгейде өтеді.
16.07.2021
-
Павлодарда күлден табыс табатын зауыт ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. «Павлодар» арнайы-экономикалық аймағында тағы бір зауыт ашылды. Жаңа кәсіпорын өңірдегі электр станцияларынан қалатын күлден алюмомиликатты микросфера өндіреді.
16.07.2021
-
Елде ет қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда қой еті 14%-ға қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, басты себеп - елден тірі малды экспорттау болып отыр екен.
16.07.2021
-
Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдіктінің неден қайтыс болғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдікке ілінген грузиялық Бесик Тордуаның өлімінің себебі белгілі болды. Алдын ала болжамдарға сәйкес, Тордуа ми инфарктінен қайтыс болған деп жазады Sputnik Грузия.
16.07.2021
-
Ташкенттегі жаңа ғимаратқа Қазақстан атынан ерекше жәдігерлер сыйға берілген
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкент қаласында ашылған жаңа ғимаратқа Қазақстан атынан естелікке ерекше сыйлық берілген. Орталық Азия халықаралық институтының ашылуы кезінде көрме залындағы экспонанттар қонақтарға таныстырылды.
16.07.2021
-
Ауыл әкімдерін сайлау: Халықтың үмітін ақтап, елге қызмет етудің жөні бөлек
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел тарихында алғаш рет өтетін ауылдық округтер, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауына санаулы күндер қалды. Кандидаттарды тіркеу нәтижелері қандай, саяси науқан қарапайым ауыл тұрғындары үшін қаншалықты маңызды? Бұл сұрақтарға Nur Otan партиясы Зеренді аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әбдуахитов жауап берді.
16.07.2021
-
Індеттің алдын алу – вакцинация. Жаңаөзендегі ұжымдар эпидемиологтармен кездесті
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жаңаөзен қаласындағы ірі компаниялардың еңбек ұжымы эпидемиологтармен кездесті. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан білікті эпидемиолог, инфекционист мамандар еңбек ұжмдарымен кездесу үшін арнайы келген.
16.07.2021
-
Коронавирус. 13 өңір «қызыл» аймақта тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
16.07.2021
-
COVID-19. 934 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 шілдедегі ақпаратты жариялады.
16.07.2021
-
Ресейліктер ит пен мысығына дейін вакцина сала бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде иттер мен мысықтарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Киров облысына жануарларға екпе егу үшін «Карнивак-Ков» препаратының алғашқы партиясы жеткізілді.
16.07.2021
-
Түркияда су тасқыны мен лай көшкінінен үш адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Ризе провинциясында төпелеп жауған жаңбыр соңы лай көшкіні мен су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».
16.07.2021
-
ҚТЖ қуаңшылық жайлаған өңірлерге шөп жібермек болған еріктілерден ақша талап етіп отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандық еріктілер қуаңшылық өршіп тұрған елдің батысындағы шаруаларға шөп жібере алмай отыр. Жүкті тасымалдауға қолғабыс көрсетеміз деген «Қазақстан темір жолы» компаниясы, жүкті тасымалдау үшін еріктілерден ақша талап етіп отыр.
15.07.2021
-
БҒМ: Талапкерлер назарына!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі талапкерлерге оқу грантына құжат тапсыру кезінде денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етілмейтінін ескертеді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
15.07.2021
-
Трұмов Қарашөкеевке ұсыныс жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР ауылшаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевке ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс жолдады.
15.07.2021
-
Елімізде ресейлік тағы бір вакцина тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 шілдеде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Спутник Лайт» ресейлік вакцинасына уақытша тіркеу куәлігін берді.
15.07.2021
-
Жем-шөп үшін Үкімет 1,9 млрд теңге бөлді – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысына екі күндік жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Қарақия, Түпқараған және Маңғыстау аудандарының мал өсірушілерімен, шаруа қожалықтарының басшыларымен және кәсіпкерлерімен кездесті.
15.07.2021
-
Жер мен мүлік салығы бірге төленеді – Кірістер комитеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер мен мүлік бір мүлік салығына біріктірілді. Енді үй мен жер үшін мүлік салығы сияқты бірыңғай сома төленуі керек, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
15.07.2021
-
Грузияда Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты күдікті қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті грузиялық Бесик Тордуа қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik-georgia.ru хабарлады. Грузия азаматы 26 жастағы қызды зорлады және өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп күдікке ілінген болатын.
15.07.2021
-
Президент Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті шығыстанушы және дінтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, дипломат Әбсаттар қажы Бағысбайұлы Дербісәлінің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
15.07.2021