Ташкенттегі жаңа ғимаратқа Қазақстан атынан ерекше жәдігерлер сыйға берілген

Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкент қаласында ашылған жаңа ғимаратқа Қазақстан атынан естелікке ерекше сыйлық берілген. Орталық Азия халықаралық институтының ашылуы кезінде көрме залындағы экспонанттар қонақтарға таныстырылды.

Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды. Ғимараттың көрме залында бірнеше елдің атынан сыйға тартылған ұлттық киімдер, картиналар мен құмыралар және басқа да құнды жәдігерлер бар.


Бүгін ғимараттың салтанатты ашылуы барысында қонақтар көрмеге қойылған жәдігерлерді тамашалады.


Ғимаратқа Қазақстан атынан сыйға тартылған жәдігерлердің де бұрышы бар. Олардың қатарында Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі мен «Тойбастар» деген жазуы бар киіз үй бар.


Сондай-ақ Түрікменстан елінен бағалы кітаптар мен ұлттық нақыштағы алаша мен ұлттық қыз көйлегі қойылған.


Жәдігерлер арасынан Ауғанстан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмардың атынан сыйға берілген көкпар ойыны бейнеленген картинаны байқауға болады.


Ал Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Р.А. Казакбаев атынан да ерекше жұмыс сыйға тартылыпты. Суретте тау-тасы бейнеленген табиғаттың ерекше көрінісі.


Одан бөлек, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С. Мухриддиннің атынан сыйлық бар екен. Олар ұлттық киім мен картина.


Еске сала кетейік, 15 шілдеде Ташкентте «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы аясында Орталық Азия халықаралық институтының ашылу салтанаты өтті.


Іс-шараға Қазақстанның Сыртқы істер министрі мен делегаттар қатысты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы