Алматы
-
Алматыда тағы бірнеше бағдардың автобустары жаңарды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы состав жаңарып, жаңа бағыттар ашылуда. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек №65 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.
22.02.2019
-
Сексеуіл отаған браконьер ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары Балқаш ауданының аумағында сексеуілді заңсыз отады деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
22.02.2019
-
150 медициналық ұйымның қызметінде заң бұзушылық анықталды
Астана, BAQ.KZ. Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2018 жылда жоспарланған 171 денсаулық сақтау объектісінің ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзушылықтармен жұмыс істейтін 150 объект (87,7%) анықталды.
22.02.2019
-
Алматыда әйелге қарақшылық шабуыл жасағандар іздестірілуде
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 35 жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасалып, үстіндегі ішігін шешіп әкеткен. Белгісіз екі жігіттің қылмыстық әрекеттері сол маңдағы бейнебақылауға түсіп қалған.
21.02.2019
-
Өрістен жылқы ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының жол-патрульдік полиция қызметкерлері «Алматы-Көкпек-Көктал» автожолында ұрланған жылқы тиеген жүк көлігін ұстады.
21.02.2019
-
Бауыржан Байбек көлік кептелісін шешу жайында айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біреу көлікпен жүру жылдамдығын қайтадан арттыр дейді, енді бірі көлікті шектеп, таза ауа бер дейді. Қалада таза ауа болу үшін барлығымыз өзімізден бастауымыз керек, яғни көлікті қойып автобусқа көшейік. Бұл туралы қала әкімі есептік кездесуінде айтты.
20.02.2019
-
Ескерту: Алматыда бір жарым тәулік бойы қар жауады
Алматы, BAQ.KZ. 20 ақпан күні кешкі уақыттан бастап Алматы қаласында бір жарым тәулік бойы қар жауады деп күтілуде, оның арты көк тайғаққа ұласады.
Қаланың Жасыл экономика басқармасы осыған орай тұрғындарға сақтық шараларын қабылдауды сұрайды.
«Көк тайғақтың алдын алу мақсатында кешкі уа
20.02.2019
-
Бауыржан Байбек қандай тарифтер төмендейтінін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жанар-жағармайдың қымбаттауына қарамастан соңғы 7 жылда Алматыдағы қоғамдық көліктің жолақысы көтерілген жоқ. Бұл туралы Бауыржан Байбек тұрғындармен кездесу кезінде айтты.
20.02.2019
-
Оқушыларға да стипендия беріледі – Бауыржан Байбек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың екінші баласынан бастап балабақшаға тегін баратын болады. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықпен кездесу кезінде айтты.
20.02.2019
-
Досаев көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мәселесі қашан шешімін табатынын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір көпбалалы аналарға жәрдемақыны қаншаға көтере аламыз, қандай шешімдер керек соның барлығы қаралуда. Бұл жайында Ербол Досаев көпбалалы ананың балаға берілетін жәрдемақыны 10 мың теңгеден өсірсе деген сұрағына жауап беру кезінде айтты.
20.02.2019
-
Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыскер ақындар орталығы ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аталған орталықтың салтанатты ашылуы болды.
19.02.2019
-
Алматыда 120 көшеге жарық диотты шамдар орнатылады
Алматы, BAQ.KZ. Ыңғайлы әрі қауіпсіз орта құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті нысандарының сәулетті жарықтандыруын орнату жалғасуда.
18.02.2019
-
Алматыда көпқабатты үйде өрт шықты
Астана, BAQ.KZ. Алматының орталығындағы көпқабатты үйден өрт шықты.
16.02.2019
-
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК ауа температурасының жоғарылауына байланысты 4 өңірде ескерту жариялады.
13.02.2019
-
Әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі топтарды қолдау қоры құрылады
Алматы, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы фракциясының жетекшісі Мұрат Әділхановтің Алматыда әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі топтарға қолдау көрсету қорын құру жөніндегі ұсысына үн қосқан алматылық бизнесмендер бүгін 35 миллионға жуық теңге жинады.
13.02.2019
-
ММА мықтылары Алматыда кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның ММА бойынша бірінші бірлескен чемпионатына арналған брифинг өтті. Ел біріншілігі Almaty Arena стадионында ақпанның 13-нен 16-на дейін өтіп жатыр.
13.02.2019
-
Жастар жылы. Алматыда ұлттық спорттан Азия чемпионаты өтеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
13.02.2019
-
Алматының жалпы аймақтық өнімі 2,6% өсті - Бағдат Телебай
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. 2018 жылы Алматының жалпы аймақтық өнімі 2,6% өсті негізгі капиталға салынған инвестициялар 21,6%-ға, оның ішінде шикізаттық емес секторда 24,4% өсті. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
11.02.2019
-
Депутат: Отандық өнімді пайдалану киберқауіпсіздік тұрғысынан маңызды
Астана, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жұмыс сапарлары барысында жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ тарифтерді орнату мәселелерін талқылады.
06.02.2019
-
«Саңырауқұлақ» жұқтырған. Алматыда 20 сұлулық салоны санитарлық норманы сақтамаған
Алматы, BAQ.KZ. Арнайы тексеріс кезінде мегаполистегі 20 салонның жұмысынан шикілік шығып, олардың санитарлық нормаларды сақтамағаны анықталды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
06.02.2019