Алматыда жоғалып кеткен аутист бала табылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полицейлері аутизммен ауыратын 13 жасар Тимур Юсуповты үйіне тауып әкеп берді.
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полицейлері аутизммен ауыратын 13 жасар Тимур Юсуповты үйіне тауып әкеп берді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция берген ақпаратқа сүйенсек, баланың жоғалғаны туралы мәлімет келісімен бірнеше іздеу тобы құрылған.
«Түнгі сағат бірлер шамасында жол-патрульдік полиция экипажы баланы Әуезов ауданынан тапқан. Абырой болғанда оған ештеңе болмаған, дін аман. Бала адасып кеткен. Кейін Алмалы ауданы полиция басқармасының полицейлері Тимурды ата-анасына тапсырды», - дейді полиция полковнигі Ләйлә Әліпбаева.
26 қыркүйек күні волонтерлер инстраграмдағы volontery_almaty_lider.kz аккаунтында «Кеңес» оңалту орталығынан аутизммен ауыратын баланың шығып кетіп, жоғалғаны туралы хабарлаған болатын.
- Түнгі клубта өлімші етіп сабап, қашып кеткен: Астанада атышулы іс аяқталды 03:19
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026