Анықтама

Тасболатов Абай Бөлекбайұлы

2206

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 1951 жылғы 21 қыркүйек

Туған жері: Солтүстік-Қазақстан облысы Ленин ауданының Николаевка селосында туған.

Білімі: Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені,

М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын,

Ресей Федерациясының Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын бітірген.

Әскери атағы-генерал-лейтенант. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей Федерациясы Әскери ғылымдар академиясының толық мүшесі.


1969-1973 жж. - Ташкент және Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищелерінің курсанты.


1973-1975 жж. - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің взвод командирі.

1975-1980 жж. - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің рота командирі.


1980-1983 жж. - М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның тыңдаушысы.


1983-1986 жж. - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің тактика пәнінің мұғалімі.


1986-1990 жж. – Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі курсанттары батальонының командирі.


1990-1991 жж.- Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі жанындағы запастағы және кадрлық офицерлерді дайындау бөлімшесінің бастығы.


1991-1992 жж. - Мемлекеттік қорғаныс комитеті жанындағы жоғары оқу орындары және әскери емес штаб дайындығы бөлімінің бастығы.


1992-1997жж. - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищенің бастығы.


1997-2002 жж. – Әскери академияның бастығы.


2002- 2006 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.


2006 – 2011 жж. – Республикалық ұланның қолбасшысы.


2012-2015 жылдан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық- Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2016-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылым депутаты


«Даңқ» - І дәрежелі, «Даңқ»- ІІ дәрежелі, «За службу Родине в Вооруженных Силах СССР» - ІІІ дәрежелі ордендерімен және «За боевые заслуги» медалімен марапатталған. Үйленген, екі баласы, немерелері бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы