Сүлейменова Зүлфия Болатқызы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі
Туған жері: 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Білімі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірді. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жопанияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің резервшісі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Еңбек жолы: Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады. 2020 жылғы қаңтар айынан бастап 2021 жылғы қаңтар айы аралығында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің, Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментерінің директор орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды. 2021 жылғы қаңтар айынан бастап 2022 жылғы наурыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты болды. 2022 жылғы наурыз айынан бастап осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
- Әлемде: АҚШ Таяу Шығысқа 10 мың әскер жібермек, Израиль Иран шенеуніктерін тағы ескертті 09:22
- Қаржы секторына арналған ЖИ: Ұлттық банк қандай технологиялар енгізуді жоспарлап отыр? 09:08
- АҚШ Иранға шабуыл үшін бес араб елінің аумағын пайдаланған 08:54
- Threads-тегі алаяқ: 23 жастағы астаналық әскерде зорлық көрдім деп ақша жинамақ болған 08:32
- Бүгін елдің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:11
- АҚШ Таяу Шығысқа тағы 10 мыңға жуық әскер жіберуі мүмкін 07:48
- УЕФА Ақтауда салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасын мақұлдады 07:14